Әлинұр Хамзин «Славян базары» фестивалінің лауреаты атанды

Қазақстандық 12 жасар Әлинұр Хамзин музыкалық «Славян базары» халықаралық фестивалінің лауреаты атанып, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Байқаудың алғашқы күні жерлесіміз Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін орындады. Әділқазы мүшелері Әлинұрдың өнерін жоғары бағалап, 70 ұпай берді.

Жарыстың екінші күні жас өнерпаз Смоки Робинсонның Who's Lovin' You әнін шырқады.

Әлинұрдың өнерін қазылар 68 ұпайға бағалады. Қорытындылай келгенде жас әнші 138 ұпай жинады.

Айта кетейік, «Славян базары» фестивалінің биылғы жеңімпазы беларустық Елисей Касич атанды.

https://www.inform.kz/kz/alinur-hamzin-slavyan-bazary-festivalinin-laureaty-atandy_a3955468