Ұлттық музейге Азия кеңесі ұйымы жастар кеңесінің қатысушылары келді

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жастар кеңесінің бесінші отырысына қатысушылары арнайы келді.

 Кездесу барысында мәртебелі меймандарға ҚР Ұлттық музейінің жұмысы туралы кең мәлімет берілді.

 Өз кезегінде жастар кеңесінің қатысушылары мәдени құндылықтарды кейінгі ұрпаққа насихаттауда және тарихи жәдігерлердің сырын халыққа бүкпесіз жеткізудегі ҚР Ұлттық музейінің алатын айрықша рөліне тоқталды.

Бұдан әрі Ұлттық музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізіліп, олар мәдени ошақтың теңдессіз архитектурасы мен құнды дүниелеріне жоғары бағасын берді. 

 Кездесу соңында Азия кеңесі ұйымы жастар кеңесінің қатысушылары Ұлттық музей ұжымына зор ілтипатын, ізгі тілектерін  жеткізді. 

Айта кетейік, Елордада 13-15 шілде аралығында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша жастар кеңесінің бесінші отырысы өтуде. Алқалы жиында жастар саясатын іске асырудың жай-жапсары жіті талқыланып, Азия елдерінің жастары өзара қарым-қатынасты дамытып, ортақ мәселені бірлесіп шешу үшін виртуалды алаң орнату мәселесі қозғалды.