Рухани құндылықтарымыз насихатталып, әлемдік аудиторияға қолжетімді бола түсті

«Әлемдік көркем мәдениеттің жауһарларымен таныстыру» жобасы аясында мемлекеттің 5000 жылдық кезеңінен сыр шертетін Қытай Ұлттық музейінің интернет-ресурсында Шығыс Қазақстан облысындағы Елеке сазы қорымынан табылған «Алтын адам», «Үржар ханшайымы» және Ақтөбе облысының Тасқопа елді мекені іргесіндегі ежелгі қорғаннан табылған Сармат көсемі тарихи жәдігерлері туралы ақпарат жарияланды.

Осылайша, халқымыздың ғасырдан-ғасырға тамыр тартатын өткенінен сыр шертетін рухани құндылықтарымыз насихатталып, әлемдік аудиторияға қолжетімді бола түсті.

Айта кетейік, жоба аясында Еуропа, Африка, Америка, Океания және Азия музейлерінің таңғажайып тарихи жәдігерлері ұсынылған.

https://www.chnmuseum.cn/portals/0/web/zt/gmdc2022/detail.html?id=15&mao=dian