2022 жылғы Ақмола облысы, Бурабай ауданында жүргізілген жазғы этнографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми-әдістемелік қызметі «Археология және этнография» бөлімінің ғылыми қызметкері Хурметбек Айболат музей қорын жәдігерлермен толықтырды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты-ұлтымыздың құнды тарихи-мәдени мұраларын жинақтау.
Қолөнерші Рақила Ошайқызы (1925-1997) Бай-өлке жерінде қызы Жанай Жапанқызының жасауына 1985 жылы арнап жасалынған екі сырмағын музей қорына тапсырып отыр.
Айта кетейік, 1995 жылдан Ақмола облысы Бурабай ауданы Жаңажол ауылында қолданыста болған екен.