«Музей заттарын реставрациялау» тақырыбында біліктілікті арттырудың қалалық семинар-практикумы өтті

Бүгін Ұлттық музейде «Музей заттарын реставрациялау» тақырыбында біліктілікті арттырудың қалалық семинар-практикумы өтті.

Мақсаты - музей реставраторлары мен архив қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыру және тәжірибе алмасу, сондай-ақ музей заттары мен архив құжаттарын сақтау мен реставрациялауда практикалық консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік Архиві, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі мен Ұлттық музейдің реставрация саласының мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Реставрация және консервация» бөлімінің басшысы Сырым Сайлауұлы мен бас маман Бақша Әшірбекова дәріс оқып, ұлттық орталық қызметімен таныстырып өтті. Семинар барысында Бақша Әшірбекова «Кітаптарды құрама түптеу әдісі» атты шеберлік сағат өткізді.

Семинар тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту мен құнды мұралардың сақталу жағдайына қатысты мәселелерді сараптап, талдауға бағытталды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.