Көкшенің сұлу табиғатында талайды тамсандырған қылқалам шеберлері бас қосты

Көкшенің сұлу табиғатында талайды тамсандырған қылқалам шеберлері бас қосты.

 Art talk жобасына 21 шебер қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар АҚШ, Корея, Моңғолия, Өзбекстан және еліміздегі бірқатар аймақтан келген. Суретшілер Бурабайдың әрбір тауы мен тасына тамсанып, қиялға ерік беріп, өз тәжірибелерімен бөліспек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы басты мақсат – Қазақстанның ғажап табиғаты мен тамырын тереңнен алатын тарихын паш ету. Айта кеткен жөн, халықаралық шара елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр.

Назгүл Қадірімбетова, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары: – 7 күн осы Бурабай курорттық аймағында ең тамаша керемет жерлермен танысады. Локация таңдайды. 7 күн өзінің туындыларын салады. Қазақстанға арналған. 21-не қорытынды көрме Ұлттық музейдің төрінде ұйымдастырылады.

 Джу Гён, суретші-инсталлятор: – Инсталяция жасау үшін мен түрлі заттарды қолданамын. Мәселен, шынжыр, арқан, жібек және болтан ерекше туынды жасаймын. Мен 6 жылдан бері осы салада жүрмін. Жуырда Кореяның дәстүрлі қағазын пайдаланатын болдым. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мұндағы табиғат, мәдениет пен тағамын байланыстыра отыра, инсталяция жасауды жоспарлап отырмын.