Халықаралық «ART TALK» жыл сайынғы ІІ симпозиумының ашылу салтанаты өтті

2022 жылдың 14 маусым күні Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ақмола облысының туризмін дамыту мақсатында «Бурабай» курорттық зонасында көркемдік және білім беру кеңістігі аясында заманауи өнердің халықаралық «ART TALK» жыл сайынғы ІІ симпозиумының ашылу салтанаты өтті.

Жоба аясында халықаралық алаңда тәжірибе алмасу үшін жыл сайынғы пленэр мен көрмені өткізу, заманауи өнердің көкейтесті мәселелерін талқылау, сол сияқты ҚР Ұлттық музей қорларын заманауи суретшілердің көркем туындыларымен толықтыру жоспарлануда.

Жобаға Қазақстан, АҚШ, Корея, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің суретшілері қатысуда.

Айта кетейік, халықаралық «ART TALK» жыл сайынғы ІІ симпозиумы 14-21 маусым күндері аралығында жалғасын табады.