Музейде референдум мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек және «Аманат» партиясы мүшесі Әсима Темкенқызы Бимендина Ұлттық музейдің ұжымымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді. 

Басқосу барысында мәжіліс депутаты жалпыхалықтық референдум туралы, дауыс берудің ережелері мен шарттары,  қабылданатын өзгерістер туралы жеке-жеке түсініктеме беріп, алдағы өзгерістердің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ,  «Аманат» партиясы мүшесі Әсима Темкенқызы Бимендина ұлттың болашағы мен ана-бала тәрбиесі жайлы ой қозғап, білім беру саласындағы мәселелер бойынша пікір білдірді.

Ұлттық музей директорының орынбасары Санжар Жұмағұлов музей ұжымының атынан кездесуге келген қонақтарға алғыс білдіріп, референдумға қатысуға музей қызметкерлері де атсалысатындығын жеткізді.