«Balavision 2022» атты балалар көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, музей педагогикасы және балалар шығармашылығының «Кескіндеме және графика» үйірмеcі қатысушыларының қорытынды жұмыстарынан құрылған «Balavision 2022» атты балалар көрмесі ашылды.

Мақсаты – көрме музейдегі «Кескіндеме және графика» үйірмеcі оқушыларының шығармашылық нәтижелерін көрсетуді, жасөспірімдердің эстетикалық және патриоттық тәрбиесін қалыптастыруды көздейді.