Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтті

2022 жылғы 5 мамырдағы №888 Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындалған жарлығына сәйкес,
Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтті.

ҚР Ұлттық музейінде орналасқан №309 сайлау учаскесі сағат 7:00-18:00 аралығында жұмыс жасады.

Республикалық референдумға Ұлттық музей қызметкерлерінің 88,04% дауыс берді.