«Рухани қазына – 2022» фестивалі мәресіне жетті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қасиетті Түркістан қаласында мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022»  фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.

Біздің анықтама. Қазылар алқасы еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана саласы бойынша – 125 өтінімді, мәдени ойын-сауық саласы бойынша  87 өтінімді, музей саласы бойынша 73 өтінімді қарастырды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев  фестивальге қатысушыларды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Бұдан бөлек, Фестиваль жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасының орынбасары Күміс Сейітова, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Бахытжамал Оспанова, «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қазылар алқасының төрағасы Сәуле Бөрібаева, «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Жеңіс Сейдуллаұлы, Дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова  марапаттап, қаржылай сыйлық табыстады.

«Рухани қазына – 2022» республикалық байқауының музей саласы бойынша жеңімпаздарының тізімі:

  • «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» номинациясы бойынша Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейінің филиалы Арал ауданық тарихи-өлкетану музейінің, Балықшылар бөлімі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • «Үздік ауылдық маңызы бар музей» номинациясы бойынша Алматы облысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • «Үздік мәдениет, өнер музейі» номинациясы бойынша Түркістан облысы, Бейнелеу өнері музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • «Үздік атаулы (мемориалдық) музей» номинациясы бойынша Ақмола облысы Мәлік Ғабдуллин музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • «Балаларға арналған үздік музейлік жоба – 2022» номинациясы бойынша Ақтөбе облысы, Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық Өнер және өлке тарихы музейі, «Жас археолог» үйірмесі 500 000 (бес жүз) теңге;
  • «Үздік облыстық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Тілекқабылов Ерлан Коныскерұлы 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Қарағанды облысы Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен, қызметкері Исатаев Ерғазы Кеңесұлы, 500 000 (бес жүз мың) теңге тағайындалсын;
  • «Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда аудандық секторының меңгерушісі Ерғалиева Гүлбаршын Сағалиқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы құрметіне музейлер арасында» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Срымова Жанаргуль Аблайқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Үздік креативті музейлік жоба» номинациясы бойынша Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Д.А. Қонаев атындағы музей 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • «Үздік музейлік реставратор – 2022» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларды ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің суретші-қалпына келтірушісі Атыраубаев Болат Төлеубайұлы 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • «Үздік экскурсия жүргізуші – 2022» номинациясы бойынша Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі орталығы» жалпы экскурсия бөлімінің экскурсия жүргізушісі Таусарова Дилорам Рахимовна 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • «Үздік балаларға арналған музейлік жоба авторы» номинациясы бойынша Қостанай облысы Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені директоры Сәрсекей Гульбану Кулетқызы 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • «Үздік қор жинақтаушысы – 2022» номинациясы бойынша Түркістан облысы, Руханият Әбу Нәсір Әл-Фараби музейі, Қордағы ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әбжаппар Жанболат Оралбайұлы 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • «Үздік экспозиционер – 2022» номинациясы бойынша Қарағанды облысы, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі, суретші-безендірушісі Мустафина Хайниса Рахимжанқызы 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • «Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» номинациясы бойынша Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі, Шарбақты тарихи-өлкетану музейі. Бухаидзе Александр Константинович, 300 000 (үш жүз мың) теңге;

ҚР Ұлттық музейінің ұжымы марапатқа ие болған барша әріптестерін құттықтайды!