Музей қызметкерлері қала тазалығына белсенді үлес қосты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен жалпықалалық сенбілікке Ұлттық музей ұжымы белсенді үлес қосты.

Іс-шараның мақсаты – қоғам назарын қоршаған ортаның ластану мәселесін болдырмау, жұртшылыққа қала табиғатын сақтаудың маңыздылығын ұғындыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және музейдің бірқатар қызметкерлері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры аумағында ағаш көшеттерін отырғызуға арналған игілікті шараға қатысты.

Сондай-ақ, Ұлттық музейдің айналасында да тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, музей маңы өсімдік қалдықтарынан тазартылды. Ағаш түптері де ретке келтіріліп, жасыл желектерді көбейту мақсатында саялы ағаш көшеттері егілді.

Айта кетсек, еліміздің басты орталығы - Елорданың көрікті келбетін сақтап, қоқыссыз, мәдениетті, табиғатқа жанашыр қалаға айналдыруға барынша септігін тигізіп, белсене үлес қосып жүрген Ұлттық музей ұжымы қаланың экологиясын жақсарту үшін игі істерге әрдайым бастамашыл болуға әзір.