Мәдениет қайраткерлері мемлекеттік наградаға ие болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Атап айтқанда, «Ерен еңбегі үшін» медалімен актер Қуандық Шәкіржанов, «Шапағат» медалімен режиссер Светлана Тарасова марапатталды. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы актер Нартай Сауданбекұлына берілді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұжымы мемлекеттік награда иегерлерін айтулы марапатпен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа бастамаларға сәттілік тілейді.