Роза Кәрібжанова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұжымы Роза Самидоллақызы Кәрібжанованы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтайды.

Сізді көпшілік ғұмырын халқымыздың мәдени құндылықтарын дәріптеуге үлес қосып жүрген зиялы азамат ретінде таниды. Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, мәдени құндылықтарымызды насихаттауда сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.

Роза Самидоллақызы, Cізді жауапты қызметке тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтай отыра, жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің
ұжымы