Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұжымы Дәурен Әскербекұлы Абаевты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды. Ұзақ жылдар еліміздің бірқатар саласын абыроймен басқарған Дәурен Әскербекұлын Халық білікті маман, зерделі Азамат және ниеті адал Парасат Иесі ретінде таниды. Алдағы уақытта Дәурен Әскербекұлы біліктілігі мен іскерлігін орайлы ұштастыра отырып, еліміздің мәдениет, өнер, спорт және туризм салаларының дамуына сүбелі үлесін аянбай қосатынына сеніміміз мол. Құрметті Дәурен Әскербекұлы, бағындырған тағы бір жаңа белесіңіз құтты болсын! Сізді бүгінгі жауапты қызметке тағайындалуыңызбен құттықтай отыра, алдағы қызметіңізге сəттілік тілейміз. Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұжымы