Аза тұту күні

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты 2022 жылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

ҚР Ұлттық музейінің ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындардың отбасына қайғырып көңіл айтады.

Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!