Афиша

«Ұлы дала сазы» көрмесі ашылады

«Ұлы дала сазы» көрмесі ашылады
2022 жылы 20 қазан күні сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Көркем академиясының 15 жылдығына арналған  «Ұлы дала сазы» көрмесінің ашылуы өтеді. 

«ҚР Көркем академиясы» қоғамдық қоры» – бұл көркемсурет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы мойындалған шеберлердің, сол сияқты жазушылар, кинематографшылар, сәулетшілер, археологтар, музыканттар, танымал қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың бірлестігі.

Көркем академиясы Қазақстан аумағында және басқа да көптеген шетел мемлекеттерінде көрмелер өткізу үшін белсенді жұмыс жасайды.
 Көрменің мақсаты – ҚР Көркем академиясы мүшелерінің шығармашылығымен таныстыру, қалың көпшілікке Қазақстанның бейнелеу өнерін паш ету.

Келушілерге Қазақстанның өткені мен бүгінгісі бейнеленген көркемсурет, графика, мүсін, сәулет және сәндік-қолданбалы өнер туындылары  мен композициялық сюжеттер ұсынылады. 

Көрмеге жалпы саны 150-ден астам көркемсурет, 30-дан астам графикалық туынды мен сәулеттік планшеттер қойылады. Олардың көпшілігі соңғы жылдары жасалған және қалың көпшіліктің назарына ұсынылып үлгермеген.