Афиша

Ұлттың ұлы ұстындары байқауының ережесі

Ұлттың ұлы ұстындары байқауының ережесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі кәсіби және кәсіби емес суретшілер арасында «Ұлттың ұлы ұстындары» атты республикалық шығармашылық конкурс жариялайды. 

Конкурс 25 қыркүйек – 25 қазан аралығында өтеді, өтінімдерді қабылдау 4 аталым бойынша жүреді: 
1. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған образдар;
2. Бастауыш сыныптарға арналған образдар (1-4 сыныптар);
3. Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған образдар (5-11 сыныптар);
4. Интерьер мен экстерьерге арналған жалпы тақырыптар: қабырға кескіндемесі, мурал, билборд (барлық жас ерекшеліктерін қамтиды). 

Әр аталым бойынша жүлде қоры:
Бас жүлде – 500 000 теңге
1 орын – 300 000 теңге
2 орын – 200 000 теңге
3 орын – 100 000 теңге

Конкурсқа осыған дейін жарияланбаған және іске асырылмаған  шығармашылық жұмыстар (жобалар) жіберіледі, сондай-ақ бір автордан бір жоба және бір өтінім қабылданады.

Конкурс нәтижесінде Ұлттық музейде Республика күніне арналған көрме ұйымдастырылып, сондай-ақ «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық конкурсының қазылар алқасының іріктеген шығармашылық жұмыстардың каталогы басып шығарылады.

Конкурс туралы толық ақпарат пен ережесін мына жерден жүктеп алыңыз.