Афиша

Гөбеклітепе ғибадатханасы туралы фотокөрме ашылады

Гөбеклітепе ғибадатханасы туралы фотокөрме ашылады
2022 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ашылады. 

Аталмыш шара Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толуына орай жүзеге асып отыр. Фотокөрмені Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырады. 

Көрмеге Гөбеклітепеде табылған 30 фото қойылады. Шараның ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым және оқушылар қатысады.

Гөбеклітепе ғибадатханасы – Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан әлемнің ең көне культтік ескерткіші. Бұл құнды ескерткіштер Мальтадағы ғибадатханадан шамамен 6500 жыл, Стоунхенджден 7000 жыл және ал Мысыр пирамидаларынан 7500 жас үлкен.

Алғаш рет 1963 жылы Ыстамбұл және Чикаго университеттері жүргізген зерттеулер кезінде табылған. Ескерткіш 2011 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының уақытша тізіміне, ал 2018 жылы Тұрақты тізіміне енді.

Бүгінге дейін отырықшы өмірге көшу, дағдылану тек егіншілік пен малшылықтан кейін пайда болды деп есептеліп келді. Ал бұл қазба жұмыстары барысында тіршілігін аңшылықпен күнелткен қауымдардың да Гөбеклитепе сияқты діни орталықтарда бас қосып, отырықшылық тұрмысқа көше бастағаны анықталды.