Афиша

«АRТ EXPO» халықаралық көрмесі ашылады

«АRТ EXPO» халықаралық көрмесі ашылады
8 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде халықаралық «ART EXPO» көрмесі ашылады.
Биыл Қазақстан халықаралық көрмеде төрағалық етеді. ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы деп жариялады. Осыған орай биылғы көрме «ART кеңістіктегі халық шығармашылығы» тақырыбында өтуде. 
«АRТ EXPO» – бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға, ортақ гуманистік құндылықтарды, оның ішінде ұлтаралық келісімді, басқа халықтардың мәдениетіне, тілі мен дәстүріне құрмет көрсетуді насихаттау, жастардардың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шара.
Көрменің мақсаты – ТМД-ға мүше мемлекеттердің кино, театр, музыка, бейнелеу өнері, халық шығармашылығы саласындағы елеулі жетістіктерін, ірі жобалар мен айтулы оқиғаларды, мәдени іс-шараларды, баспа және электрондық өнімдерді таныстыру. Сонымен қатар, шығармашылық байланыстарды орнату мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің мүдделі құрылымдары мен ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы шарттар жасасу үшін жаңа алаңдар құру.
Экспозицияда Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстан суретшілері мен шеберлерінің туындылары ұсынылады. Бұған қоса, Қазақстан павильонында тоқыма өнері, қыш құмыра жасау мен зергерлік бұйымдар бойынша шеберлік сабақтары өтеді. 
Шара барысында мәдени ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің екіжақты кездесулері, дөңгелек үстел мен Ұлттық музейдің экспозициялық залдарына экскурсия ұйымдастырылады.
Іс-шараға дипломатиялық қоғамдастық пен зиялы қауым өкілдері,  мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениеттанушылар қатысады.