Афиша

«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» жылжымалы көрмесі өтеді

«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» жылжымалы көрмесі өтеді
ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ҚР Мемлекеттік орталық музейі Ұлттық домбыра күніне орай музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясының негізінде «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» жылжымалы көрмесін өткізеді.

Мақсаты - мәдени астанамыз Алматы қаласында орналасқан ҚР Мемлекеттік орталық музей қорында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған қазақтың ұлттық дәстүрлі бірегей музыкалық аспаптарымен таныстыру. 

Күні: 28.06.2022
 Уақыты: 16:00