Афиша

«Бақытты бала» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының ІV инклюзивті музейлік фестивалі өтеді

«Бақытты бала» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының ІV инклюзивті музейлік фестивалі өтеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Балалар жылы аясында «Бақытты бала» атты «Мейірім» балалар шығармашылығының ІV инклюзивті музейлік фестивалі өтеді.
Мақсаты – ерекше білім алуды қажет ететін балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, олардың дарындылығы мен мәдени ерекшелігін дамыта отырып, инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруіне ықпал ету.