Афиша

«Музей түні» акциясы аясында «Музей құдіреті» атты мәдени-танымдық шара өтеді

«Музей түні» акциясы аясында «Музей құдіреті» атты мәдени-танымдық шара өтеді
2022 жылғы 18 мамырда сағат 18:00-00:00 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» акциясы аясында «Музей құдіреті» атты мәдени-танымдық шара өтеді.  
Мақсаты – мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әр түрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну, музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау.