Афиша

ҚР Ұлттық музейінде «Бай-қуатты болайық!» көрмесінің ашылуы өтеді

ҚР Ұлттық музейінде «Бай-қуатты болайық!» көрмесінің ашылуы өтеді
ҚР Ұлттық музейінде қазақ журналистикасының қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрме ашылады.
Мақсаты – қазақ телевизиясында 47 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегін жұртшылыққа насихаттап, журналистика қайраткері жайлы естеліктермен бөлісу, жас ұрпақ бойына патриоттық рух қалыптастыру.