Афиша

«Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрменің ашылуы

«Ұлы  дала  тарихының  жазба мұралары» атты көрменің ашылуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрменің ашылуы өтеді.

Мақсаты – қазақ халқының төл мәдениетіне қатысты сирек кездесетін қолжазбаларды кеңінен насихаттау, әртүрлі мәдени-тарихи жағдайлардағы олардың әлеуметтік рөлін, ерте кезеңдерден бері қалыптасқан отандық жазба мәдениеттің тарихын жан-жақты көрсету.