Афиша

Елімнің ертеңі – өнерімнің өркені

Елімнің ертеңі – өнерімнің өркені
2021 жылғы 30 қараша күні сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркемөнер факультетінің ұйымдастыруымен елорда жұртшылығы мен қонақтарына арналған «Елімнің ертеңі – өнерімнің өркені» атты жас суретшілердің көрмесі өтеді. Мақсаты – жас суретшілердің жетістіктерін және олардың ел тәуелсіздігінің даму тарихына қосқан үлесін көрсету. Көрмеде Қазақ ұлттық өнер университеті Көркемөнер факультетінің бакалавр және магистратура студенттері мен түлектерінің, сонымен қатар ҚазҰӨУ-нің мектеп және колледж жоғарғы курс білім алушыларының таңдамалы туындылары көрермен назарына ұсынылады. Ауқымды экспозицияда жас суретшілердің кескіндеме, графика, мүсін, сценография, сәндік-қолданбалы өнер және дизайн салалары бойынша әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларын көруге болады. Көрме жас суретшілердің туындыларын насихаттап, отандық бейнелеу өнері мектебі дәстүрінің сабақтастығын сақтау миссиясын орындайды. Айта кетейік, «Елімнің ертеңі – өнерімнің өркені» атты жас суретшілердің көрмесі – бүгінгі жастарды толғандыратын мәселелер мен тақырыптардың көркемдік ерекшеліктерін көруге мүмкіндік береді. Аталмыш көрме «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсат- міндеттерімен үндеседі.