Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Отырар–Түркістан: ортағасырлық ирригация және егіншілік мәдениеті» атты республикалық бірлескен көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты – Отырар мен Түркістан өңірлеріндегі ортағасырлық суару жүйелерінің тарихын, егіншілік мәдениеті әрі инженерлік жетістіктерін таныстыру.
Іс-шарада ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Айбек Жандосов және «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Мұрат Тастанбеков сөз сөйлеп, тарихи мұраны зерттеу мен насихаттаудағы музейаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы атынан Ұлттық музейге алғыс хат әрі естелік сыйлық табысталды.
Көрмені тамашалауға бір ай уақыттарыңыз бар.