Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Шейх Заид орталығының бас директоры доктор Юсуф ӘлУбайдимен кездесті.

Кездесу барысында музейаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу мен бірлескен мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында БАӘ өкілдеріне Ұлттық музейдің экспозициялық залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар Қазақстан тарихы және мәдениетіне қатысты құнды жәдігерлермен танысты.

Тараптар музейаралық байланысты одан әрі нығайту, мәдени мұраны насихаттау мен бірлескен жобаларды дамыту бағытында пікір алмасты.