Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлының Париж қаласында Францияның жетекші музейлерінің басшыларымен кездесуі жалғасуда.
Берік Әбдіғалиұлы Жак Ширак атындағы Бранли жағалауы музейінің президенті Эммануэль Касарэрумен және Адам музейінің директоры Орели Клементе-Руиспен арада екіжақты байланыстарды нығайту, ғылыми әрі мәдени алмасуды кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары сөз болды.
Жак Ширак атындағы Бранли жағалауы музейінде өткен кездесудің нүктесі тараптар ғылыми-мәдени байланыстарды дамытуға және музейаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюмен тәмамдалды.
Бұл шаралар 18 қыркүйектегі Париж қаласында өткен «Қазақстан – Франция: мәдени диалогтен бірлескен жобаларға» атты дөңгелек үстел аясында басталған пікірталастардың логикалық жалғасына айналды.