Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Бранли жағалауындағы Жак Ширак музейінде «Қазақстан – Франция: мәдени диалог пен ортақ жобалар» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ҚР Франциядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Азамат Белқайыров, Бранли жағалауындағы Жак Ширак музейінің президенті Эммануэль Казареру, Франция Мәдениет министрлігінің өкілдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы қатысты.
ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы сөз сөйлеп, француз әріптестермен ортақ жобалар туралы баяндады.