Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «ХІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихы» залында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына және Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына орай тақырыптық экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында қатысушылар Семей ядролық полигоны сынақтарының тарихы, адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізген зардаптары туралы ақпарат алып, экспозицияда ұсынылған тарихи құжаттар және фотосуреттермен танысты.
Экскурсия жүргізушісі: Нұрасыл Смагулов.