БҰҰ-ның Женевадағы кітапханасы мен архивтерінің директоры музейді аралады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы кітапханасы мен архивтерінің директоры Шарлотта Линдберг Варакаулле Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне арнайы келді.

Құрметті мейман музейдің тұрақты экспозициялық залдарын аралап, экскурсия барысында еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты.

Шарлотта Линдберг Варакаулле Қазақстан тарихы және мәдениетін дәріптеудегі Ұлттық музейдің рөліне жоғары баға беріп, ұсынылған экспозициялардың мазмұндылығы әрі заманауи шешімдеріне ерекше қызығушылық танытты.

Кездесу барысында мәдени мұраны сақтау, архив ісі, кітапхана қызметі мен ғылыми байланыстарды дамыту бағытындағы өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.