Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлғалар» мен «Музейдегі демалыс» жобалары аясында «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» тақырыбында музейлік сабақ өтті.
Сабаққа Астана қаласы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихын әрі мәнін түсіндіру, олардың әрбір элементіндегі ұлттық идея және рухани құндылықты таныту, рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәуелсіз Қазақстан залында ҚР Әнұранын орындаудан басталған шара Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының міндетін атқарушы Әділхайыр Мырзахановтың Мемлекеттік рәміздер тарихы, олардың мағынасы мен маңыздылығы туралы ақпараттпен жалғасты. Балалар Елтаңба, Ту, Әнұран жайында өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Аталған тақырып аясында өткен сабақ Елтаңба және Ту суреттерін құрастырып, пысықтау, қайталау әдістерімен өз мәресіне жетті. Аталған іс-шара балаларға қосымша мәлімет алып, білім қорын толықтыруға бағытталды.