Отан қорғаушылар күніне арналған экскурсия жүргізілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» залында музей қонақтарына «Елін қорғау – ерге серт» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында келушілер Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, әскери киім үлгілері мен Қарулы Күштер тарихына қатысты жәдігерлермен танысты. 

Сонымен қатар, жас буынға Отанды қорғаудың маңызы, елге қызмет етудің қадірі және батырлық әрі патриоттық рух туралы кеңінен ақпарат берілді. Экскурсияға қатысқан оқушылар еліміздің әскери тарихы мен тәуелсіздік жолындағы ерлік істер туралы мол мағлұмат алды.

Экскурсия жүргізушісі: Қырықбай Гүлзат.