Ұлттық музей Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ қауымдастығымен бірлесіп, мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақ және бестемше ойындары бойынша I ашық турнир ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, адамгершілік пен эстетикалық тәрбиені қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына деген құрметін арттыру.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ежелгі ұлттық зияткерлік ойыны. Ол ойлау жүйесін дамытуға, стратегиялық жоспарлау мен есептеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойын шыңдаған бұл ойын қазақтың білім және тәрбие жүйесінде ерекше орын алады.
Бестемше – мектеп жасындағы балалар мен жастар арасында кеңінен тараған ұлттық ойын. Ол жылдамдықты, ептілікті, тапқырлықты дамытып қана қоймай, ойыншылардың ынтымақтастық, қарым-қатынас және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
Турнирге Астана қаласындағы №9, №10, №11, №16, №17, №18, №23, №24, №25, №27, №32, №38, №40, №55, №59, №61, №66, №71, №72, №77, №78, №83, №84, №85, №86, №93, №103, №106 мектептері, сондай-ақ А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Қ. Сәтбаев, Ы. Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейлері мен Қоянды №1 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Жарыс «Тоғызқұмалақ» және «Бестемше» ұлттық ойындарының ресми ережелері бойынша өткізіліп, жеңімпаздар жиналған ұпай саны арқылы анықталды.
«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Қоянды №1 орта мектебінің оқушысы Асылбекқызы Айша
2 орын – Әлихан Бөкейханов атындағы Binom School мектеп-лицейінің оқушысы Жанусов Арсен
3 орын – Жүсіпбек Аймауытов атындағы №24 орта мектебінің оқушысы Абдыхалық Абдурахим
3 орын – №23 орта мектебінің оқушысы Нәжкей Дана
«Бестемше» ойыны бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрлан Бибінұр
2 орын – №103 орта мектебінің оқушысы Вадим Али
3 орын – №93 мектеп-лицейінің оқушысы Нұржан Дамир
3 орын – №72 мектеп-лицейінің оқушысы Орысхан Ұлыс
Барлық қатысушыларға белсенділігі, ізденісі мен ұлттық ойындарға деген қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!