Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі көрнекті ғалым, тұңғыш қазақ антропологы, тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұловтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Оразақ Смағұлов саналы ғұмырын қазақ халқының антропологиялық тарихын зерттеуге арнап, ұлттық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ғалымның көпжылдық зерттеулері және ғылыми мұрасы халқымыздың шығу тегі мен тарихи болмысын тануда айрықша маңызға ие.
Ұлт ғылымының дамуына зор еңбек сіңірген көрнекті тұлғаның есімі және өнегелі жолы ел жадында мәңгі сақталады.
Марқұмның иманы саламат, топырағы торқа болсын!