2026 жылдың 9 қазан күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Отырар–Түркістан: ортағасырлық ирригация және егіншілік мәдениеті» атты республикалық бірлескен көрме ашылады.
Бұл көрме – ата-бабаларымыздың су жүйелерін ұйымдастырудағы тәжірибесін, жер өңдеу мәдениетін және қоршаған ортамен өзара байланысын таныстыратын тарихи-танымдық кеңістік. Экспозиция материалдары арқылы Отырар–Түркістан өңіріндегі дәстүрлі егіншілік пен ирригацияның ғасырлар бойы қалыптасқан сабақтастығына назар аударылады.
Көрме мерзімі: 9 қазан – 9 қараша 2026 жыл.
Ұйымдастырушылар:
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК;
«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК.