Музейдегі Қазақстан халқы этностарының мәдениетіне арналған сабақ
Ұлттық музейде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Қазақстан халқы этностарының мәдениеті» атты музейлік сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, жерін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа «Замандас» отбасылық аула клубындағы көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.
Сабақ барысында еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің ойындары ойнатылды.