«Музейдегі жазғы демалыс» маусымының жабылуына арналған концерт

2023 жылдың 22 тамызында ҚР Ұлттық музейінің «Менің Қазақстаным» балалар орталығында  «Музейдегі жазғы демалыс» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысына орай ұйымдастырылған маусымның жабылу концерті өтті. Концертте «Сарын» квартеті ұлттық аспапта өнер көрсетті.

Концертті «Бала театры» ұжымы және ата аналар, музей қызметкерлері  тамашалады.

2021 жылы  ашылған «Менің Қазақстаным» балалар орталығының негізгі мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті және табиғаты жөнінде балалардың білімін жетілдіру, сондай-ақ бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер саласында практикалық дағдыларын қалыптастыру. Әрбір қазақ баласы ата-баба тарихына құрметпен қарап, өз ұлтының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін жетік меңгерту. «Балалар жылы» аясында ҚР Ұлттық музейі Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар мен ұстаздарға, ата-аналарға арналған «Музейдегі жазғы демалыс» бағдарламасы  аясында күн сайын арнайы музей сабақтары мен экскурсиялар, интерактивті лекциялар мен танымдық ойындар өткізілді. Балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін!» концерттік бағдарламасы, «BALAVISION» көрмесі, ұлттық, спорттық,  танымдық ойындар, «Лагерь аруы»  дефилесі, «Сиқырлы кітап»  квест сабағы, «Музейдегі туған күн» мерекелік бағдарламасы, «Мен жылдаммын.  Мен күштімін» спорттық ойындардан жарыстар т.б.іс-шаралар ұйымдастырылды.

Концерт барысында өнерпаздар балаларға ұлттық аспаптармен заманауи және қазақ ұлттық музыкаларын орындап, ойын ойнатып, ұлттық аспаптармен таныстырды.

«Бала театрының»  ұйымдастырушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі Түлеу Ажар Дарханқызы жасөспірім балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, келесі жылғы жаз мерекесінде тағы да ұлттық музейде кездесетіндігін жеткізді.