ҚР Ұлттық музейінде «Ежелгі Қазақстан көшпенділерінің алтын өркениеті» тақырыбында «Әлемнің ғажайыптарын іздестіру» («Sekai fushigi hakken») деректі бағдарламасының түсірілімі өтті. Бағдарлама қазан айында Жапонияның «TBS» арнасында көрсетіледі.
Канако Кудо, бағдарлама режиссері:
«Біздің мақсатымыз – жапондық көрермендерді Қазақстанның таңғажайып тарихы, мәдениетімен таныстыру. Әсіресе бізді көшпенділердің өмірі қызықтырады. Өкінішке қарай, жапон халқының олар туралы білетіні аз. Көшпенділер туралы өте қызықты мәліметтер бар ғой. Мысалы: Орталық Еуразияда тұратын көшпенділер металдарды өңдеудің озық әдістерін білді және көшіп жүріп, өз дағдыларымен басқалармен бөлісті.
Ұлттық музейде алғаш рет сақтардың алтын өнерінің көптеген жәдігерлерін көрдім, олардың әдемілігі мен техникасы мені қатты таң қалдырды. Енді жапондық көрермендер де Қазақстанда көшпенділердің таңғажайып мәдениетімен таныса алады».