ҚР Ұлттық музейінде «Қолөнер ғаламшары» үйірмесінің аясында «Менің бәйтерегім» атты ТРИЗ технологиясын қолдана отырып сурет салу сабағы өтті.
Сабақты №2 мамандандырылған мектептің қызметкері Алсу Мырзақызы Ахметзянова өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, олардың инклюзивті қоғамда өз бетінше өмір сүруіне жәрдемдесу, шығармашылық арқылы олардың дарындылығын және мәдени ерекшелігін дамыту.
Балалар сабақ барысында белсенділік пен қызығушылық танытып, сабақтан жақсы әсерде қалды.