Афиша

Рубрика «Ұлы тұлғалар туған күн»

Рубрика «Ұлы тұлғалар туған күн»
Бүгін – аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері  Ғафу Қайырбеков және қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі – Ғали Орманов дүниеге келген күн. 

Шәмші Қалдаяқов – ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде танылды. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.

WhatsApp Image 2022-08-15 at 11.50.10.jpeg

Туған әдебиетті дамытуда, соның ішінде ұрпақ тәрбиесінде теңдесі жоқ шығармалар тудырған осындай өр тұлғалы азаматтардың бірі – Ғафу Қайырбеков.   
 «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

WhatsApp Image 2022-08-15 at 11.50.10 (1).jpeg


Ғали Орманов туындылары арқылы өз заманының шынайы көрінісін айшық бейнелей білген. Сонымен бірге оның есімі Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің бірқатар шығармалары мен Толстойдың «Анна Каренина» романын аударуымен танылған.
Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы, «Майдан» альманағының редакторы, 
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Шеңбер» деген атпен 1934 ж. жарық көрді.

WhatsApp Image 2022-08-15 at 11.50.10 (2).jpeg


Ұлттың ұлы тұлғаларының жарқын бейнелері жадымызда әрдайым сақталады.