Астана мен Қарағанды облысының оқушылары асық атып жарысты

Ұлттық музейде мектеп оқушылары арасында Асық атудан VI ашық турнир өтті.

Аталмыш шара Асық ату федерациясымен бірлесіп, ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Турнирге Астана қаласының №24, №42, №55 орта мектептері, №84, №85 мектеп-лицейлері, №52, №65, №83 мектеп-гимназиясылары мен «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы қатысты.

Сайысқа Қарағанды облысы Нұра ауданынан М. Сүлейменов атындағы және Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектептері қатысып, турнир республикалық дейгейде өтті.

«Бес асық» ойынында номинация иегерлері:
- «Шебер ойыншы» - Ғалымжанқызы Амира;
- «Епті ойыншы» - Серік Нұрайым;
- «Алғыр ойыншы» - Зұлғарнай Ақжарқын.

«Бес табан» ойынында номинация иегерлері:
- «Қолмерген» - Жаңбыршиев Ахмет;
- «Сұрмерген» - Аманбек Иманғали;
- «Көзмерген» - Қуанышұлы Нұрислам. 

Топтық жарыста «Бес асық» ойыны бойынша:
3 орын - №83 мектеп-гимназиясы;
2 орын - Нұра ауданы Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебі;
1 орын - №55 орта мектебі. 

«Бес табан» ойыны бойынша:
3 орын - №52 мектеп-гимназиясы;
2 орын - №42 орта мектебі;
1 орын - Нұра ауданы М. Сүлейменов атындағы тірек мектебі.

«Асық ату» ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Асық атуды этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Бұл ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Жарыста ұлдар «Бес табан» ойнаса, қыздар «бес асық» (бес тас) ойыны бойынша бақ сынайды.

Ұлттық ойынға ден қойып, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Әрдайым асығы алшысынан түссін!