8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі

Бүгін Ұлттық музейдің жігіттері ұжымымыздың аруларын Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Ертесімен ер азаматтар қыз-келіншектерімізді гүлмен көмкерілген Музей Атриумында қарсы алды. Мерекелік концертте арулардың құрметіне жігіттеріміз ән шырқап, күмбірлете күй тартты, тебірене өлең оқыды, әзіл-қалжыңдар айтылып, әйел қауымы бір марқайып қалды.