«Ою-өрнек жасау өнері» сабағы

Ұлттық музейде «Қолөнер ғаламшары» үйірмесі аясында «Ою-өрнек жасау өнері» сабағы өтті. Сабаққа Астана қаласының М.Шоқай атындағы №51 мектеп гимназиясының оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты – салт-дәстүрлермен таныстырып, шеберлік, ептілік, тапқырлық дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында жабыстырмалы дидактикалық ойындар, викториналық сұрақтар қолданылып, оюдың шығу тарихы, қолданылу аясы, бейнелену әдісі жөнінде біршама ақпарат берілді. Балалар жұмыс кезінде белсенділік танытып, сабаққа ризашылығын білдірді.