«Мектептегі демалыс» жобасы

Ұлттық музейде «Мектептегі демалыс» жобасы аясында Koktal Junior Hall орталығының секциялары мен үйірмелеріне қатысатын балалар және №68 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырылып, «Менің Қазақстаным» балалар орталығында ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылды. Балалар түрлі ойындар ойнап, қызықты ертегілер тыңдады, домбыра шертіп, мергендіктерін сынап, өздерін археолог сезініп көрді. Оқушылар арасында болашақ чемпиондар да бар екен))