Белгілі актер Олжас Дәлелхан «Жұлдызды гид» шоу-жобасына қатысты

2024 жылғы 18 қаңтар күні ҚР Ұлттық музейінде Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақстан Жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының иегері, композитор, дубляж шебері Олжас Дәлелханның жүргізуімен «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті. Жұлдызды қонақ экскурсияны «XIII-XX ғғ. Қазақстан тарихы» залы бойынша жүргізді. Кейін музей кітапханасында Олжас Дәлелханның экскурсияға қатысушылармен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында актерден шығармашылық адамының өмірлік ұстанымы мен көзқарасы, актер болудың қызығы мен қиындықтары турасында қойылған сұрақтарға жауап алынды. ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева «Жұлдызды гид» шоу-жобасының жыл бойы жалғасатынын жеткізіп, актер О. Дәлелханға жобаның жоғарғы деңгейде өткізгені үшін алғысын білдірді.