«Ер қанаты - ат» атты квест-сабақ

Ұлттық музейде «Шаңырақ» жобасы аясында «Ер қанаты - ат» атты ежелгі көшпенділердің рухы, түлік біткеннің төресі, киелі жылқы малына арналған квест-сабақ өтті. Сабаққа Астана қаласының №54 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында балаларға Берел қорымынан табылған аттардың реконструкциясы таныстырылды. Оқушылар «Сен білесің бе?», «Ойлан тап», «Бәйге» ойындарына қатысып, жылқы малына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтып, сөзжұмбақтар шешіп жарысты.