«Білектің көркі – білезік» атты музейлік сабақ

Ұлттық музейде «Білектің көркі – білезік» атты музейлік сабақ өтті. Шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары қатысты. ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығы қарсаңында бұл сабақ арнайы музей құрдастарының – 10 жасар балалардың қатысуымен өткізілді. Сабақта білезік туралы, оның шығу тарихы, түрлері, жасалу әдісі тұрғысында ақпарат берілді. Қолөнер тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер айтылды. Оқушыларға жалпы зергерлік бұйымдар бойынша мағлұмат беріліп, 4 қабаттағы "Медиа" залындағы витриналармен жұмыс жасалды, тапсырмалар орындалды. Балалар өз қолдарымен түрлі білезіктерді фетрден, қағаз бен жіптен жасап, шығармашылық процеске бөленді.