"ЕҢБЕК ЕПТІЛІКТІ СҮЙЕДІ" сабағы

Ұлттық музейде «Қолөнер ғаламшары» үйірмесінің «ЕҢБЕК ЕПТІЛІКТІ СҮЙЕДІ» атты сабағында балалар күбі пісу дәстүрімен танысты. Сабаққа Астана қаласының №2 арнайы мектебі мен №83 арнайы мектебінің көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушылар, «ОДИ» Астана қаласының мүгедек балалар қоғамынан келген ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар қатысты. Сабақ кезінде балалар ермексаздан күбі жасап, бұйымның қолданылу аясы, жасалу жолы, қолданудың маңыздылығы туралы білді.